ТЕҢСЕЛГЕН ОЙ

ЗГЕЛІК ЖАР......

Мінізіңе Ай тамсанып, Күн күлген ,
Маңғаз ақын махаббатын білдерген,
Жанарыма қарап тұрып жәутеңдеп,
Жан-дүниемді талқан еттің
Кім білген.........

Талай жігіт сені көрсе сызылад(ы)
( Туфлиің көйлегіңнен ұзын-ақ)
...бірақ сенде адам сезбес бір Мұң бар,
Сендегі Мұң- Мендегі Мұң
Қызық-ақ.......

Қадамымды әрқашан да кеш басам,
Осы маған кіреді екен Ес қашан,
Сенде- күйеу, менде- әйел, қарағым,
Біздер бірге бола алмаймыз
Ешқашан...

Қайтем енді жан- жарымды тапқасын,
Жолдасың да "сендік әнді" жаттасын,
Өзгелік жар,
Ана атына лайық бол,
Құдай бізді сат ТЕҢСЕЛГЕН ОЙқындықтан
сақтасын....
Отбасыны дүрліктірсек ұлы айып,
Өзгелік жар,
мендік жырды шынайы ұқ,
Мына Өмірде бақыттырақ күн кешіп
Тек Өлеңде жолығысып
тұрайық....

Келістік пе?!
12.02.2014 жыл

МАХАББАТТАН ТҮҢІЛУ
(немесе бір күндік ой)
І
Суып кеттің...
Келіп еді болашақты жуықты еткім
Басқа қала, басқа жер, басқа адамдар
... және де басқа арманды
қуып кеттің...

Кім кінәлі?!
Мысқылдаған қап- қара Түн кінәлі
"Сүймеймін" деп өзіңше көкіп тұрсың
Сүйетін де шығарсың мүмкін әлі...

Жаныштадың...
Жүрегіңді сезімімнен әрі ұстадың
Ештеңе өзгермейді дедің -дағы
Сен ТЕҢСЕЛГЕН ОЙ менен алыстадың...

Емдейді өлең...
Жүректегі сезімді жеңбейді өлең
Қанша сүйем десең де,
білесің бе,
Саған және өзіме сенбей келем.

Мүсіндерің...
Маза бермей ойнақшиды түсімде мұң
"Суып кеттім"
Бірақ та "Сүйем" дейсің
Құдай білед...
Ештеңе түсінбедім.

Аңсап кеттім...
Жапан түзге келеді жар сап кеткім,
Ғашықтықтың азабы?!
Құрып кетші!
Шаршап кеттім...

Түйін екен...
Бұл өмірдің бағасы тиын екен
Сүйіп тұрып -бәрінен безіп кету
Қиын екен...

Оңар емес...
Басыма бармақтай бақ қонар емес,
Екеуміз қаншама рет тырыссақ та
Барлығы ТЕҢСЕЛГЕН ОЙ бұрынғыдай болар емес.

Сабыламын...
Орнығып ап кетпейді бағыма мұң
Не істейін...
Қайтіп, Қалай өмір сүрем?!
Жаным -ау, Сағынамын!

Төзім- дәрім...
Қалайша жасырайын көзім барын
Өзіңді көрмегенім артық еді,
Болды енді...
Үндеме!
Айтатын сөзің мәлім...

ІІ
Қымбаттым,
Салқындау маған үн қаттың
Іңкәр -жүрек жырымды,
Келіп еді тыңдатқым...


Арманым,
Пәк жүрекпен ғазалымды арнадым
Ей Аллам,
Алып кетші өзіңмен,
Кеудемдегі сезімдердің қалғанын...

Ой -дара...
Жанымды жейтін қатыгез ой ғана
Мен сені ұмытам қылықтым,
Қиналады -ау деп ойлама!

Асықтық...
Аямадық сезімдерді жасық қып
Қу ТЕҢСЕЛГЕН ОЙ басыма орнығардай нестедім
Атаңа нәлет, Ғашықтық?!

Киелім,
Жаураған жүрегіме ие кім?
Мен сені ұмытам, Сүймеймін...
Жо-жоқ!
... дәрменсізбін...
Сүйемін!

Көзім-шоқ...
Ендігі азапқа шыдайтын төзім жоқ
Бәрінен шаршадым...
Айтатын сөзім жоқ!



Ұрысың...
Жүрек жоқ, кеудем де ұлысын
Шын сүю -өмірде жоқ шығар
"Махаббат" дегенің құрысын!

Не етеміз...
Қалайша арманға жетеміз?
Жарайды, бақытты бол,
Қайдасың, Жалғыздық?!
Жүр!
Кетеміз!


21.11.2012 жыл

ТЕҢСЕЛГЕН ОЙ

Пойыз іші...
Ауыр ойлар басып келед(і) еңсені,
Пойыз іші...
Қолда қалам...
Жыр жазамын мас Ақынша теңселіп
Пойыз іші..
Сүйген ТЕҢСЕЛГЕН ОЙ жарым. Мөлдір жанар. Періштем...
Дархан далам...
Сүйемін ғой мен сені...

Пойыз іші...
Айқай мен шу...адамды адам таңдамас,
Сасық иіс. Мас адамдар.
...хмм... Намыс пенен Арда мас,
Пойыз іші...
Саудагерлер. Ұйықтап жатқан Пенделер,
Пойыз іші...
Абыр -сабыр, қайнап жатқан қарбалас...

Пойыз іші...
Ащы дауыс. Адам көніп отыруға бергісіз,
Пойыз іші...
"Мас" Ақыннан не күтесіз енді сіз,
Пойыз іші...
Тоңып тұрған, солып тұрған Тағдырлар,
Көңілдері, Өмірлері Белгісіз!

Пойыз іші...
Тарсыл- гүрсіл. Миды мезі етті ғой,
Темір тұлпар?!
"Ем ТЕҢСЕЛГЕН ОЙ" алатын, демалатын кезің енді жетті ғой!
Пойыз іші...
Теңселулер. Бесік сынды тербеткен...
...эххх, Балалық шақ!
... Ұйқым келіп кетті ғой!

11.11.2013 жыл


documentasuinmf.html
documentasuiuwn.html
documentasujcgv.html
documentasujjrd.html
documentasujrbl.html
Документ ТЕҢСЕЛГЕН ОЙ